Alumni 

KPMG талантты адамдарды тарта білуі арқасында нарықтағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Біз өз қызметкерлерімізге фирманың табысты жұмыс жасауына өз үлестерін қосуға мүмкіндік бере отырып оларға қамқорлық жасаймыз. Біз әрқашан осы жолды ұстанамыз.

Біздің бұрынғы қызметкерлеріміздің мансабы түрлі бағыттарда өрбуі мүмкін. Біз көптеген әлемдік және қазақстандық фирмалардың топ-менеджерлерінің мансабы KPMG-да басталғанын мақтан тұтамыз.

 

KPMG компаниясы мен бұрынғы қызметкерлерінің арасында байланыс үзбеу үшін біз Ғаламторда KPMG-дың бұрынғы қызметкерлері үшін арнайы сайт жасадық, сондай-ақ тоқсан сайынғы Alumni Newsletter KPMG дайджестін шығарамыз. Біз сіздерді KPMG-дың жаңалықтары туралы әрдайым хабардар етуге тырысамыз. Сонымен қатар біз үлкен қуанышпен жыл сайын KPMG-дың бұрынғы қызметкерлері кездесуін ұйымдастырып отырамыз және оларға KPMG-дың ішінде тартымды мансап мүмкіндіктерін ұсынуға әрқашан дайынбыз.

 

Байланысты үзбейік!

Байланыс

Байланыс

Карлыгаш Калтаева

Аға менеджер

+7 (727) 298 08 98